Жамбыл облыстық көп бейінді онкология және хирургия орталығының байқау кеңесінің ұсынысымен 2025 жылғы 10 сәуірден бастап Жамбыл облыстық көп бейінді онкология және хирургия орталығының директоры лауазымына тағайындалды
1981 жылы Жамбыл облысы Талас ауданы Майтөбе аулында дүниеге келді.
2004 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясын «емдеу ісі» мамандығымен бітірген.
Еңбек жолын 2005 жылы Талас аудандық орталық балалар емханасында хирург дәрігерден бастады;
2006-2007 жылдары Талас аудандық орталық ауруханасында хирург дәрігері;
2007 жылдан бастап 2020 жылға дейін Жамбыл облыстық онкология диспансерінде онколог, хирург дәрігері болып жұмыс істеген;
2020-2023 жылдары Жамбыл облыстық онкология диспансерінде 1 онко бөлімінің меңгерушісі;
2023 жылғы тамыз-қыркүйек айларында Алматы аймақтық көпсалалы клиникада кеңес беру-диагностикалық емханасының онколог, онкохирург дәрігері;
2023 жылғы қыркүйек айынан бастап бүгінгі күнге дейін Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасы бас дәрігерінің хирургия және стратегиялық даму жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
Жамбыл облысының штаттан тыс бас хирургы.
Денсаулық сақтау ісінің үздігі.
Үйленген. Үш баласы бар.