Жамбыл облыстық көпбейінді онкология және хирургия орталығында алғаш рет Қазақстанда жаңа иммунотерапиялық және таргеттік емдеу әдісі енгізілді. Бұл әдіс бүйрек қатерлі ісігінің өршуіне қарсы күресуде қолданылады. Ем қабылдап жатқан науқас — диспансерлік есепте тұрған азамат А. Емдеу Жамбыл облысы мәслихатының қолдауымен жүзеге асырылуда.
Қазіргі таңда науқас жаңа емді жақсы көтеріп жатыр. Иммунотерапия ретінде Бавенсио (Авелумаб) препараты көктамыр арқылы енгізілуде, ал таргеттік ем ретінде Кабозантиниб (Кабометикс) препараты таблетка түрінде беріледі.
Бұл дәрі-дәрмектер Қазақстанда алғаш рет қолданысқа енгізіліп отыр. Әлемдік тәжірибеге негізделген бұл жаңа емдеу тәсілі елімізде сәтті жүзеге асуда. Науқастың жағдайы тұрақты және дәрігерлердің тұрақты бақылауында.