Жамбыл облыстық көпсалалы онкология және хирургия орталығында ерлік пен қайсарлықтың символына айналған Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты жиын өтті.

Айрықша құттықтау сөздер ер-азамат әріптестерімізге арналды. Әйелдер қауымы жылы лебіздерін білдіріп, олардың өмірде де, қызметте де жауапкершілікпен, сенімділікпен ерекшеленетінін атап өтті. Іс-шара барысында шынайы эмоциялар мен алғыс сезімі ерекше сезілді.

Мерекелік жиын әсем әндермен, би номерлерімен және жүрекжарды тілектермен жалғасты. Әрбір өнер көрсетілім — жан жылуын сыйлаған нағыз сыйлыққа айналды.

Мерекелік көңіл күйді арттыра түскен тағы бір сәт — ер-азаматтарға табысталған естелік сыйлықтар болды. Олар бұл күннің мәнін тереңдетіп, ерекше салтанатты атмосфера сыйлады.

IMG-20250512-WA0028.jpgIMG-20250512-WA0029.jpgIMG-20250512-WA0030.jpgИзображение_WhatsApp_2025-05-12_в_15.58.37_b7f79daa.jpgИзображение_WhatsApp_2025-05-12_в_15.58.38_85c6f9a7.jpg