Бүгін Жамбыл облыстық көпбейінді онкология және хирургия орталығының ұжымы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай салтанатты жиын өткізді.

Бұл – халқымыздың тарихы мен тағдырының, елдік пен бірліктің нышанын білдіретін маңызды мереке. Салтанатты жиын барысында Мемлекеттік Әнұран орындалып, ұжым мүшелері рәміздердің маңыздылығы мен елге деген құрмет жайлы жүрекжарды ойларын бөлісті.

📌 Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран – әр азаматтың жүрегінде мақтаныш сезімін оятады. Олар тәуелсіздігіміздің, егемендігіміздің басты белгілері.

🇰🇿 Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз!

IMG-20250604-WA0002.jpgIMG-20250604-WA0003.jpgIMG-20250604-WA0004.jpgIMG-20250604-WA0005.jpg