Орталық директоры Жандос Сейдахметов құттықтау сөз сөйлеп, ұжымды жанқиярлық еңбегі, жоғары кәсібилігі және медицина саласына адалдығы үшін алғысын білдірді:
— Медицина қызметкері күні — бұл нағыз қаһармандардың мерекесі. Сіздердің күнделікті еңбектеріңіз – бұл гуманизмнің, мейірімділіктің және мамандыққа адалдықтың көрінісі. Әр күніңіз шабытқа толы болсын, ал пациенттер мен әріптестердің алғысы сіздерге басты марапат болсын, — деді ол.

Іс-шара аясында үздік шыққан қызметкерлерді марапаттау рәсімі өтті.

Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының Алғыс хатымен Елена Арабчикова марапатталды.

«SENIM» салалық кәсіподағының Құрмет грамоталарымен Лаура Әбзелбек, Шухрат Садыходжаев, Умит Ташыбаева және Галина Горобцова марапатталды.

Орталықтың Құрмет грамоталары мен алғыс хаттары Балжан Мусабекова, Айнагуль Бекбосынова, Динара Ануарбек, Виктория Югай, Дона Султансеитова, Айсулу Муканова, Райхан Абишева, Алтын Жолдасбаева, Назира Торекулова, Гулнар Жадыраева, Светлана Елизарева, Калдигул Кемелова, Нуржамал Дауылбаева, Қарлығаш Кулманбетова, Рита Садиева, Мадина Джигитбаева, Нурсултон Давлатмуратов, Зарина Балквадзе, Саракул Амангельдиева, Татьяна Бурханова және Ахат Насибулинге табысталды.

«AMANAT» партиясының атынан 60 жылдық мерейтойына орай Александр Тин құттықталды.

Салтанатты түрде зейнеткерлік демалысқа шығарып салынды: Магилан Конысова мен Калдыгул Даурембекова.

Іс-шараның құрметті қонақтары – көп жылдарын медицинаға арнаған, қазіргі таңда зейнеткерлік демалыста жүрген саланың ардагер әріптестері болды. Олардың қатарында Баян Кенбаева, Рахима Мадимарова, Еркенай Романова, Ширмет-Оглы Назлифа және Надия Ким бар.

Іс-шара соңында кәсіподақ ұйымы тарапынан сала ардагерлеріне көпжылдық адал еңбегі үшін алғыс пен құрмет белгісі ретінде сыйлық себеттері мен гүл шоқтары табысталды.