Облыстық денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын «Жамбыл областық көп бейінді онкология және хирургия» орталығы
Облыс бойынша онкологиялық кызмет көрсету жұмысы 1954 жылдан басталады, яғни осы жылы Жамбыл қалалық ауруханасы жанында онккабинет ашылып, оған 5 штат берілген оның ішінде 2,0 дәрігер штат бірлігі, 2 штат мейірбике бірлігі және 1 штат санитар бірлігі.
Осыған қоса 1954 жылы облыстық аурухананың хирургия және гинекология болімі жанында онкологиялық ауруларға ота жасау үшін 10 төсек бөлінді.
1955 жылы онкологиялық ауруларды патогистологиялық тексеруден өткізу үшін, кадрдың жетіспеуіне байланысты осы лаборатория цитология лабороаториясы жанында ашылып, тек 1982 жылы патогистология лабораториясы өзінше бөлек бөлім болып ашылып, оны гистолог Ли Людмила Николаевна жұмысқа қабылданды. Осы жылдан бастап гистолгия лабораториясы өркендей бастады.
Облыстық онкология диспансері заңды тұлға ретінде 1956 жылы ашылып, бөлек 2 этажды ғимаратта орналасты, төсек саны 25 болған. Медициналық жабдық ретінде арақашықтық бойынша емдейтін «ГУТ-Со(кобальт) -400) пайдаланылды. Ол кезде барлығы 10,5 орта буынға штат берілді. Осы жылдары бас дәрігер болып Б. Нигматуллаев тағайндалды.
1972-1977 жылдары облыстық онкология диспансерін дәрігер Кузьмина Нина Федоровна басқарған. Бұл кездерде төмендегі білікті дәрігерлер жұмыс атқарған, олар Мельникова В.С. Шевченко Л.А Гриненко Н.В. Какаурова С.П. Бас дәрігердің талабы бойнша бойынша 35 төсектік радиология бөлімі ашылып, АГАТ-С, АГАТ-В,РУМ-7 и РУМ-7 емдейтін рентген аппарат алынып аурулады сәулемен емдеу басталды.
1977-1985 және 1997-2005 жылдары бас дәрігер болып медицина ғылымының кандидаты, хирург Үкібасов Әбілқасым Үкібасұлы тағайындалды. Осы кезде қосымша 2 этажды ғимарат салынып, ота жасау бөлмелері кеңейтілді. Ота жасау көлемі ұлғайып тоқ ішек, тік ішек, өңеш, бүйрек ауруларына кеңейтілген оталар жасалына бастады . Наркозды апарат сатып алынып, анестезиолог-реаниматолог дәрігері дайындалды.
1986 жылы онкология диспансерінің төсек саны 100 ге артып, медицина қызметкерлеріне 204,5 штаттық бірліктер берілді, дәрігерлер, медбикелер саны арта бастады. Ос кезден бастап параклиникалық қызметтер ашыла бастады, олар рентген бөлімі, осы кезден бастап параклиникалық қызметтер ашыла бастады, олар рентген қызметі, зндоскопияия қызметі және УЗИ аппарат сатып алынды.
1985-1993 және 2005-2014 жылдары облыстық онкология диспасерінің бас дәрігері болып Егембердиев Қуандық Шаймерденұлы тағайындалды. Осы қызмет бабы кезінде кураторлық жұмысқа аса назар аударылып, ауданға шығу барысында кеңес беру, онкологиялық қызметті ұйымдастыру жұмыстры жүргізілді, Онкологиялық ауруларды күрдізгі стацинарда емдеу жұмысы енгізілді. Осы аз уақытта компьютерный томограф, видеобронхоскоп, видеоколоноскоп, видеогастроскоп сатып алынды, 2005 жылы 6 төсектік реанимация және анестезиолгия бөлімі ашылды.
1993-1996 жылдары бас дәрігер болып Кезембаев Бақберді Боштабайұлы тағайындалды. Бас дәрігер кадр дайындауға, БМСК дәрігерлерінің онкологиялық сақтыққа бас аударына аса назар аударды. Аудандар толық онколог дәрігерлерімен қаматамасыз етілді.
1996-1997 жылдары бас дәрігер болып Қайназаров Болат Әзімханұлы тағайындалды, осы 1,5 жыл ішінде аса өзгерістер байқалмады. Қызмет бабымен облыстық аурухананың бас дәрігері жұмысына ауыстырылды.
2014-2021 жылдары бас дәрігер болып Нұржанов Абай Құралбекұлы тағайындалды. Осы жылдары БМСК дәрігерлерінің онкологиялық сақтыққа, қарау кабинеттерінің жұмысының қатерлі ісікті ерте анықтауына аса назар аударылды. БМСК деңгейінде онкологиялық қызметке мониторнг және оған баға беру жұмысы енгізілді, яғни аудандарға шығып мониторинг жүргізілді.
Бірінші рет медициналық жабдық сатып алынып гистология лабораториясы ашылды.
Тұрғындар арасында аса құрметпен біліктігі жоғары дәрігерлер қызмет атқарды олар: Винницкий К.А.,Шевченко Л.А.,Сулейманов Ш.Ю.,Тю М.С.,Малик К.М.,Ким Е.А., Куралов А.К., Умаров М.У., Пан Ю.В.Пан С.Б.,Аликулова У.А.
Онкодиспансердің 2011 жылы 14 қарашадағы № 118 бұйрығымен мамандандырылған кеңес беру диагностикалық бөлім ашылды. Оның мақсаты скрининг жұмысын ұйымдастыру, осыған байланысты сүт безі, жатыр мойны, тоқ ішек және тік ішек қатерлі ісігін ерте анықтауда ауқымды жұмыстар атқарылды, атқарылып келеді. Бұл бөлімге жағарғы дәрежелі К. Беккулиев жетекшілік етті№ Осы жылдары цитостатиктерді сұйылту кабинеті ашылды, бұл дәрілерді үнемдеуге әсер етті.
2020 жылы ақпан айында медициналық ұйымдарды оңтайландыру мақсатында онкодиспансер облыстық аурухана құрамына кірді, бірақ қажеттілікке байланысты 2021 жылдың май айында облыстық аурухана құрамынан шығып заңды тұлға ретінде «Облыстық денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын «Жамбыл областық көп бейінді онкология және хирургия» орталығы құрылды.
2021 жылдың май айынан 2022 жылдың ақпан айы аралығында заңды тұға ретінде директордың міндетін атқарушы болып Шымыров Дабыл Омарұлы жұмыс атқапрды. Аса өзгерістер болған жоқ, бірақ білікті өз жұмысын білетін маман ретінде қабылданды.
Қазіргі таңда «Жамбыл областық көп бейінді онкология және хирургия» орталығы үлкен кәсіпорын, 160 төсекке арналған, оның ішінде 105 төсек тәулік бойы жұмыс істейді, 55 төсек күндізгі стационар. Құрамында хирургия, химиотерапия, радиология, реанимация-анестезиология, диагностикаплық және цитология бөлімдері бар. Бұған қоса клиникалық, гистологиялық зертханалар жұмыс істейді.
Орталық қазіргі таңда заманауи медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілген олар; 64 срезі бар компьютерный томограф, эндовидеостойка с бронхоскопом, эндовидеостойка с гастроскопом, эндовидеостойка с колоноскопом, эндовидеостойка с лапороскопом тағы басқалар. Барлық бөлімдерде мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетіледі.
2017-2020 жылдары тұрғындарға онкологиялық көмекті жақсарту мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылды. Осы жылдары орталықтық материалдық жағдайы жақсарды, төсек орындар жаңартылды, автокөліктер сатып алынды және тазалық жұмысы мен көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.
Барлық медицина қызметкерлері оқытылды, МИС бағдарламасы енгізілді және жұмыс істейді. Оқу түрінде демеушілерді тарта отырып, бюджеттен тыс қаражат есебінен дәрігерлердің біліктілігін бір айлық арттыру жүргізілді.
Орталық заманауи 2 дәрежелі радиотерапевтік медициналық жабдықпен қаматамасыз етілген, яни оның біреуі 800,0 мың тұрғынға арналған контакты радиотерапия аппараты. Бұған қоса жағарғы технологиялы сәулемен емдейтін радиотерапевтический «ТЕРАТРОН», «Мультисорс», «Терасикс» аппараттары жұмыс істейді, олар ауруларды емдеп жағдайларын жақсаруға көмектеседі. Бұл медициналық жабдықтарда жоғағы дәрежелі дәрігер Бегімбаева Р.С., дәрігер Ли Л.Н. және межициналық физик Тайғараев Ж. Жұмыс істейді.
Қазіргі таңда орталықта 8 дәрігер Қазақстан Республикасы денсаулық ісінің үздігі медалімен марапатталған, олар Беккулиев К.Б., Алиханов А.А., Джарылкасынова Ж.К., Бегимбаева Р.С., Пан С.Б., Мусаев Б.Т., Тусипова Р.С.,Исматуллина И.Е.
Бұған қосарымыз 2022 жылы жаңа типті 200 төсекке арналған «Онкодиспансер» салынып жатыр, оның қолдануға берілу уақыты тамыз айы 2022 жыл.
Жамбыл облыстық
көп бейінді онкология және
хирургия орталығы директоры Алиханов А.А.